«Ақпаратты-кітапхана орталығы мен университет кафедраларының бірлескен қызметі»

2019 жылы 18 қаңтар айында декандарға, кафедра меңгерушілеріне, әдістемелік бюро төрағаларына және мамандықтардың әдістемелік комиссияларының төрағаларына арналған жыл сайынғы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел бағдарламасы мамандықтарға байланысты пәндер бойынша кітапханалық қорды толықтыру, электронды ресурстар оқу залындағы силлабустардың электронды базасының жағдайы, ҚМПУ мерейтойына арналған профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішін дайындау, Bilimland.kz электронды білім беру ресурстарымен танысу мәселелерін қамтыды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға ақпараттық-кітапхана орталығының 2018 жылы алған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге кең шолу жасалды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша АКО және факультет кафедраларының бірлескен қызметін жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Ақпаратты-кітапхана орталығы мен университет кафедраларының бірлескен қызметі»