Студенттермен диалог

2018 жылдың 12 желтоқсан айында ақпаратты кітапхана орталығынның оқу залында университеттің ардагерлер кеңесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлымен кездесу өткізді. Іс – шараға химия ғылымдарының кандидаты, профессор Абдикалыкова Калимаш Ахатовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Важева Наталия Веняминовна, дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің аға оқытушысы Порубов Геннадий Николаевич, сонымен қатар жаратылыстану – математика факультеті, психология және педагогика факультеті, әлеуметтік – гуманитарлық факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

Киелі шаңыраққа белгілі физика - математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Өмірзақ Сұлтанғазиннің аты берілді. Университетке академиктің есімінің берілуі қуанышты жағдай. Өйткені өзінің санаулы ғұмырында қазақ үшін еңбек етіп, білім мен ғылымның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымның атының мәңгі сақтаулы, жастардың жүрегінен орын алуына себепші жайт болары анық. Өмірзақ Сұлтанғазин Қостанай облысының тумасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика факультетін үздік бітірген. Білім саласындағы жеткен жетістіктерінің арқасында академик дәрежесіне көтерілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды. Аманжол Күзембайұлы алғашқы сөзін «Біздің көптен күткен арманымыз орындалды. Ең бастысы, Өмірзақ Махмұтұлы даңқты жерлесіміз, қазақтың абыройын асқақтатқан азамат. Әлем таныған қайраткер. Оған қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Онымен біз әрқашан да мақтанамыз», деп бастады. Әрі қарай Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы: «Елбасы мақаласында қазақстандықтар өз тарихын барлық әмбебап және көп өлшемділігімен жүзеге асыруы және қабылдауы қажет деп айтылған. Сондай-ақ ата-бабалардың жылнамасында Еуразияның кең аумақтарында саяси және экономикалық тарихтың бағытын бірнеше рет өзгерткені жайлы көптеген белгілі фактілер сақталғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Ұлы даладағы ежелгі металлургия, атқа міну мәдениеті, Ұлы Жібек жолына баса назар аударды.

Президент, сондай-ақ «Архив-2025», «Ұлы дала есімдері» және «Дала фольклорының антологиясы» сияқты ірі жобалар бойынша жұмысқа кірісуді ұсынады», - деп әңгімесін жалғастырды. Сонымен қатар, 16 желтоқсан күні тәуелсіздігімізге 27 жыл толуына орай Аманжол ағай желтоқсан жайлы көптеген мәліметтер мен өз өмірбаянын, ғылыми жұмыстары жайында баяндап берді. Университеттің ардагерлер кеңесінің мүшелері Калимаш Ахатовна, Наталия Веняминовна, Геннадий Николаевич оқырмандарды келе жатқан тәуелсіздік мерекесімен құттықтап оларға оқуда сәттілік тіледі. Аманжол Күзембайұлы жайлы көптеген жылы сөздер айтылды. Аманжол Күзембайұлының еңбектерінен «Ғалым-студент» атты электронды презентация және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында Аманжол Күзембайұлы өз ризалығын білдіріп студенттерге ақ жол тіледі. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз