Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық қазақ тілінде

2018 жылғы 26 қазанда ақпараттық – кітапхана орталығынның оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті. Шараға қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасының профессор– оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды. Оқулықтарды кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Амантаева, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Қ.Әлібек, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Тобылов, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі А. А.Бухметова, оқытушы, гуманитарлық ғылымының магистрі Г.Ж.Жолдыбек таныстырды.

Университет ғалымдары өз сөздерінде аталған кітаптардың мазмұны мен құндылығына тоқталып сонымен қатар жобаның маңыздылығы және қажеттілігін атап өтті. Электронды кітап көрмесінің презентациясы көрсетілді. Университет сайтында осы кітаптар жайында толық ақпарат алуларыңызға болады. Ақпараттық кітапхана орталығының директоры С.С. Безаубекова орталықтың ақпараттық мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Кітап қорын толықтыру және әдебиетті ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі Қ.К. Салықова прайстармен танысырып және кітаптарға тапсырыс беру үшін ұсынысын айтып өтті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық қазақ тілінде