2019 жылдың 25 сәуірінде ақпараттық-кітапхана орталығынның оқу залында «2019 жыл-Жастар жылы» аясында, «Ғалым - студент» жобасы бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлымен кездесу өтті. Іс – шарада тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қадыржан Қабиденұлы Әбуевпен скайп желісі арқылы онлайн сұхбат жүргізілді.
2019 жылдың 23 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық–кітапхана орталығында «2019 ЖАСТАР ЖЫЛЫ» аясында 15 сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған ЖОО мен колледж студенттері арасындағы «Жүрекпен жазылған өлең» атты облыстық әдеби–поэтикалық байқаудың қорытындысы шығарылды.Байқаудың мақсаты: студент жастарды отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани мәдениетін көтеру, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру және қызығушылығын күшейту.
2019 жылы 8 сәуір күні ақпараттық кітапхана орталығында «Ақпарат күні» өткізілді. Іс-шараға «психология және дефектология кафедрасының» оқытушылары мен «Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында психологияға байланысты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше қызықтырған кітаптар: Отбасы психологиясы», «Балалар психологиясы», «Инклюзивное образование, «Психология девиантного поведения», «Стресс-менеджмент», «Нейропсихология детского возраста», «Когнитивные технологии обучения» және т.б.
2019 жылдың 3 сәуірінде университеттің 80 жылдық мерейтойы аясында ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысында Ө.Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің құрметті кітабының тұсаукесері өтті. Бірінші Құрмет кітабында университеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін университеттің 62 оқытушысы мен қызметкерлері еңгізілген. Іс-шараның басында ардагерлер кеңесі төрағасы Әбдіқалықова К.А. Құрмет кітабына енгізілгендердің қайтыс болып кеткендеріне бір минут үнсіздік сыйлау ұсынды.
Оқу үдерісін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын жоғарлату мақсатында университеттің кафедра оқытушылары қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы ақпараттық-кітапхана орталығы «КАФЕДРА КҮНІ» кешенді ақпараттық іс-шаралар өткізеді. 2019 жылыдың 1 сәуір күні ақпараттық-кітапхана орталығында «Өнер кафедрасы күні» өткізілді. Оқытушылар үшін кафедраның пәндері бойынша жаңа оқу, оқу және әдістемелік әдебиеттердің көрінісі ұйымдастырылды.
2019 жылдың 11 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дің ақпараттық-кітапхана орталығында белгілі ақын, теледидар және радио саласында еңбек еткен ардагер журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатовтың 70 жылдық мерей тойына арналған «Қарапайым қазақтың бір ұлымын» атты портрет кеші өтті. Іс–шара мақсаты: Оқырмандарды ақын Нағашыбай Оразбайұлы Мұқатовтың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
2019 жылдың 25 ақпанында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дің ақпараттық-кітапхана орталығында журналист, дарынды қаламгер, «Біздің Қостанай» газетінің редакторы Оразалы Жақсановқа арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты әдеби кеш өтті. Іс–шараға тарих ғылымының докторы, қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Байдалы Р.Ж., әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1- 2 курс студенттері қатысты. Іс – шара барысында О.Жақсанов жайлы бейнеролик көрсетілді. Кештің алғысөзін ақпараттық-кітапхана орталығының директоры Сания Серікқызы Бұзаубековаға берілді.
2019 жылдың 18 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық – кітапхана орталығында «Бір ел- бір кітап » акция шеңберінде Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша пікір талас алаңы өтті. Пікірталасқа филология факультетінің 1-3 курс студенттері және жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты. «Бір ел - бір кітап» акциясының мақсаты жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
2019 жылы 18 ақпан күні ақпараттық кітапхана орталығында «Педагогика кафедрасы күні» өтті. Оқытушылар үшін педагогикалық ғылымдар бойынша әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып, ғылыми басылымдар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми және оқу-әдістемелік журналдар ұсынылды. Келесі кітаптар оқытушылардың қызығушылығын тудырды: Хан, Н.Н. Педагогика / Н.Н. Хан, К.К. Жампеисова, Ш.Ж. Колумбаева; КазНУ им. Абая.- Алматы, 2017; Әбенбаев, С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Астана, 2017; және тағы басқа баспалар.
2019 жылы 1 ақпанда Алтынсарин оқуларын өткізу аясында «Білім беру машықтануының сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» =Актуальные проблемы повышения качества образовательной практики» атты кітап-иллюстрациялық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде "Рухани жаңғыру" басым идеялары аясында заманауи білім берудің өзекті мәселелері бойынша материалдар, инклюзивті білім беру бойынша басылымдар, инновациялық білім беру технологиялары бойынша кітаптар ұсынылды.