«Бір ел – бір кітап»
- Подробности
- Опубликовано: 18 февраля 2019
2019 жылдың 18 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық – кітапхана орталығында «Бір ел- бір кітап » акция шеңберінде Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша пікір талас алаңы өтті. Пікірталасқа филология факультетінің 1-3 курс студенттері және жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты. «Бір ел - бір кітап» акциясының мақсаты жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу болып табылады.
Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап — ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы қосыла келе, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түседі.
«Аңыздың ақыры» - өз биігінен түспеген қазақтың классикалық шығармасы. Студенттер өздерінің ойларын ортаға салып, қызу пікірталас ұйымдастырды. Шығарманың философиялық маңызы және өзектілігі ерекше сөз етілді. Пікірталас нәтижесі арқасында студенттер Әбіш Кекілбаев пен Әбділдә Тәжібаев туралы біраз мәліметпен танысты. Оқырмандар көркем шығарманы талдауды әрі қарай жалғастыруға қызығушылық танытты. Соның нәтижесінде айына 1 рет кітапханада әдеби отырыс жасауға өзара келісті.
«Бір ел – бір кітап» акция шеңбері аясында «Заманның заңғар тұлғалары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.