Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық кітапхана орталығында, ELSEVIER компаниясының өкілі Ботакөз Сүлейменова «Ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту үшін Scopus және Scince Direct жүйелерін пайдалану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. ҚМПУ профессорлық-оқытушылық құрамы ақпараттық жүйелермен жұмыс жасады, осы жүйелерде: «Құжаттарды, мекемелерді, авторларды қалай іздеу керектігі туралы, адал және ғылыми баспаның принципсіз моделдегі журналдарды қалай ажыратуға болатыны туралы, журналдарды бағалау критерийлерін қалай үйренуге болатыны туралы» т.с.с. басқа да көптеген сұрақтарға тоқталып көптеген мүмкіндіктерімен толығырақ танысты. Ботакөз Жұбанышқызы «Mendeley» бағдарламасын «студенттер мен ғалымдардың өмірін жеңілдететін көптеген пайдалы функциялар бар құрал» ретінде пайдалануға кеңес берді.

2019 ж. 9-10 қазан күні Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық-кітапханалық орталығының директоры Безаубекова С.С., анықтамалық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Т.С. Сусик, әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі Салықова К.К., кітапханашысы Алмухамбетова Н.Н. «Ұлы даланың жеті қыры: кітапханалардың Қазақстан қоғамының рухани дамуындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Ақпараттық-кітапхана орталығының қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен дене шынықтыру, спорт және туризм факультетіне 2019 жылы 5 қазанда "Золотой Фазан" ойын-сауық кешенінде белсенді демалысты ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Әдемі күзгі орманда жылы жарқын күні серуен, спорттық бағдарлау бойынша жарыстарға ДШжәнеТ студенттерімен бірге қатысу мүмкіндігі, жайлы кафеде дәмді түскі ас, әсерлі би, әдемі пейзаждар аясында фото-сессиялар көптеген жағымды естеліктер мен әсерлерді қалдырды.

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық-кітапхана орталығының мамандары атынан делегация облыстың жоғары және арнаулы орта білім беру жүйесінің кітапханашыларына арналған "ПОҚ-тың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және студенттік болмысы мен өсу нүктелері" атты дөңгелек үстелге белсене қатысты. Дөңгелек үстел ақпараттық сауаттылық туралы ұлттық хабардарлық күнін өткізу аясында мамандар барлық мазмұнды мәселелерді, сондай-ақ өз оқу орындарының қол жетімді ресурстары туралы талқылаумен өтті. 

2019 жылдың 2 қазанында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шарада, университет басшылығы ақпараттық-кітапхана орталығының қызметкерлері Т.И. Давиденко, И.И. Нечипоренко, Б.Қ. Жақсыбаева, Т.С. Сусик «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталды. Олардың жоғары кәсібилігі және университет пен кітапхана ісіне көпжылдық адал еңбектері атап өтілді.

1 қазан күні ақпараттық кітапхана орталығының қызметкерлері құрметке лайықты кітапхана ісінің ардагері кітапханада 27 жыл бойы қызмет атқарған Тамара Ивановна Давиденкомен кездесіп, 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Тамара Ивановнаның басқаруымен 2002 жылы "Эрудит" оқырмандар ақпараттық-танымдық клубы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта «Горизонт» атымен клуб өз жұмысын жалғастыруда, оның мүшелері жоғары оқу орындары арасындағы және қалалық интеллектуалды ойындарда жүлделі орындарға ие болды. 

Ақпараттық кітапхана орталығының кітап қорына «Жаңа гуманитарлық білім» бағдарламасы аясында 30 кітап түсті. Жаңа оқулықтар дүниежүзілік тарих, халықаралық құқық, дипломатия, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, әдебиет және өнертану теориясы саласындағы ғылыми білімнің кең спектрін қамтиды. 17-20 қыркүйек аралығында анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Сусик Т. С. және кітапханашы Альмухамбетова Н. Н. ақпараттық шолулар өткізіп, оқытушылар мен студенттерді әлемдік деңгейде танылған оқулықтардың жаңа түсімдерімен таныстырды. 

13 қыркүйек күні 2019 жылы Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-інің ақпараттық-кітапхана орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген, қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулықтарының «Жаңа гуманитарлық білім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Әлемдік танымдық оқулықтар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» жобасы орталығының жетекшісі Балтабаева Г. З., педагогика кафедрасының меңгерушісі Утегенова Б. М., психоло-педагогика факультетінің оқытушылары; Тойымбетова Д.С., Абдиркенова А.К., Қалиев Д.Д., Бисембаева А.К., сонымен қатар филология факультеттерінің оқытушылары Мырзагалиева К.М., Искакова Ш.Қ, және әлеуметтік-гуманитарлық факцультетінің оқытушылары Исенов Ө.И., Бектурганов Қ. қатысты.

2019 жылы қыркүйек айының 3 – 6-сы күніне дейін жыл сайынғы Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпаратты кітапхана орталығында «Бірінші курс студенттері күні» іс-шарасын өткізеді. Студенттер Ақпараттық кітапхана орталығының құрылымымен, пайдалану ережелерімен және ақпараттық мүмкіндіктерімен танысады. Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сусик Т. С., библиограф Альмухамбетова Н. Н. студенттерді, ақпараттық ресурстармен оқу және ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану ережелерімен таныстырды. 

Жеңіс күнібұл мереке жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алатын күн. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікпен қайырымдылықтың жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.  

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары