Халықаралық қарттар күні

1 қазан күні ақпараттық кітапхана орталығының қызметкерлері құрметке лайықты кітапхана ісінің ардагері кітапханада 27 жыл бойы қызмет атқарған Тамара Ивановна Давиденкомен кездесіп, 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Тамара Ивановнаның басқаруымен 2002 жылы "Эрудит" оқырмандар ақпараттық-танымдық клубы ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта «Горизонт» атымен клуб өз жұмысын жалғастыруда, оның мүшелері жоғары оқу орындары арасындағы және қалалық интеллектуалды ойындарда жүлделі орындарға ие болды. Тамара Ивановна әлі күнге дейін ойынға, тренингтерге және клубтың басқа да іс-шараларына өзінің үлкен көмегін көрсетуде. Кездесу өте қызықты өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз