«Ұлы даланың жеті қыры: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу

2019 ж. 9-10 қазан күні Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ақпараттық-кітапханалық орталығының директоры Безаубекова С.С., анықтамалық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Т.С. Сусик, әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі Салықова К.К., кітапханашысы Алмухамбетова Н.Н. «Ұлы даланың жеті қыры: кітапханалардың Қазақстан қоғамының рухани дамуындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК». Конференцияға қатысқандардың ішінде республиканың ұлттық кітапханаларының, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің, жоғары және орта оқу орындары кітапханаларының басшылары мен мамандары, облыстың ғылыми және шығармашылық қауымының өкілдері, Ресей Федерациясынан келген мамандар болды.

Жұмыс барысында ақпараттық сауаттылық және ақпараттық мәдениетке арналған түрлі тренингтер мен көптеген қызықты іс-шаралар өтті. Облыстық кітапхананың аумағында әрқайсысында кітапхана саласындағы мамандарға із жүзінде қолдануға болатын пайдалы ақпарат берген бірнеше секция жұмыс істеді. Қатысушылар жоғары белсенділік танытытып спикерлерге көптеген сұрақтар қойды. Жалпы конференция жоғары дәрежеде өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Ұлы даланың жеті қыры: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу