«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

Ақпараттық кітапхана орталығының кітап қорына «Жаңа гуманитарлық білім» бағдарламасы аясында 30 кітап түсті. Жаңа оқулықтар дүниежүзілік тарих, халықаралық құқық, дипломатия, педагогика, интернет-психология, стратегиялық менеджмент, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, әдебиет және өнертану теориясы саласындағы ғылыми білімнің кең спектрін қамтиды.

17-20 қыркүйек аралығында анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Сусик Т. С. және кітапханашы Альмухамбетова Н. Н. ақпараттық шолулар өткізіп, оқытушылар мен студенттерді әлемдік деңгейде танылған оқулықтардың жаңа түсімдерімен таныстырды. Кітаптар оқу процесінде ғалымдар мен студенттер қолданатын болады. Шолулар электронды презентация арқылы көрсетілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»