8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әмбебап оқу залында Институттың ардагерлер Кеңесі мен Студенттер мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырған «Ғалым – Студент» кездесу циклі бойынша педагогикалық еңбек ардагерлерімен әлеуметтік гуманитарлық және психологиялық-педагогикалық факультет студенттері арасында кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар: тарих ғылымының кандидаты, қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының профессоры Әлібек Т. К., педагогика ғылымының кандидаты, физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының доценті Демина Н.Ф., дене шынықтыру, спорт және туризм теория және практика кафедрасының ВАК доценті Бикташева Г. Ш.
2018 жылы 22 ақпан айында жаратылыстану-математика факультетінің «Химия» мамандығының оқытушылары мен студенттеріне арналған «Ақпарат күні» өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар ақпараттық кітапхана орталығының білім беру және ғылыми процесске көмек ретінде қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі жаңа әдебиеттермен танысты. Келушілерді мына кітаптар қызықтырды: Белки, нуклеиновые кислоты / К.О. Шарипов, С.С. Жакыпбекова, Г.Е. Берганаева (2016), Задания для СРСП по дисциплине по химии природных соединений / М.Ю. Лежнева, Т.А. Михеева (2016), Organic Chemistry / G.Zh. Seitenova, M.O. Turtubayeva (2016) және т.б.
2018 жылдың 16 ақпан айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының кандидаты, қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Бекмагамбетова М.Ж. кездесу өткізілді. Кешті филология факультетінің 2 курс студенті Колыханова Юлия жүргізді. Кездесуге психология және педагогика факультеті, әлеуметтік – гуманитарлық факультеті, филология факультеттерінің 1-2 курс студенттері қатысты. Әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Сайлау Әлия мен 3 курс студенті Тойшан Бейбарыс Құрманғазының «Адай» күйін орындады.
2018 жылы 9 ақпан айында оқырмандар, оқытушылар және орталық қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді. Көрермендер алдында сөйлеген сөзінде тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы Самаркин С. В. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырып, 2018 жылы Қазақстан Республикасының Жолдауында ғылым мен білімнің дамуының рөлі мен бағытына баса назар аударды.
2018 жылы 9 ақпан Алтынсарин оқулары барысында ақпараттық қолдау ретінде "Заманауи білім – қоғамның рухани жаңғыруының негізгі факторы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде білім мазмұнын жаңарту, жас ұрпақтың рухани құндылықтарын қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру материалдары ұсынылды. Келушілерді қызықтырған кітаптар: Образовательная политика: теории и концепции, тенденции и стратегии развития / А. К. Мынбаева, Ш. Т. Таубаева, А. А. Булатбаева, Н. А. Анарбек. – Алматы: Қазақ университеті, 2014., Исхакова, Э. В. Психологические условия формирования профессионального статуса педагога. - Алматы: Нур-Принт, 2015 және басқа да басылымдар.
2017 жылы 12 желтоқсан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ақпараттық кітапхана орталығында 1 курс студенттері арасында «Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойын мақсаты: жастарды патриоттық тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, студенттер арасында интеллектуалды ойындарды насихаттау. Сұрақтарға Қазақстан тарихы, мәдениет, салт-дәстүр, география, қызықты оқиғалар мен фактілер кірді. Іс-шара басында ойынның жүргізушілері ФФ 2-ші курс студенті Богомолова Л. мен ЖМФ 2-ші курс студенті Ким Л. Есдәулет Ұ. «Қазақстан» мен Ораз Н. «Тәуелсіздік таңы атты» өлеңдерін оқыды.
2017 жылы 5-9 желтоқсан айында ақпараттық-кітапхана орталығында көптілдік тобының студенттерімен оқытушыларына арналған «Ақпарат күні» өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар Қазақстан Республикасының Қауымдастығынан алынған, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліне аударылған оқулықтармен танысты. Іс-шара қатысушыларын келесі кітаптар қызықтырды: Teaching Methods on Chemistry / Zh.A. Shokybayev (2016), Botany / S.K. Imankulova и др. (2016), Genetics / D.K. Aydarbaeva и др. (2016), Physiology development of pupils / Sh. Balgimbekov и др. (2016), Inclusive education / Movkebayeva, Z.A. (2016), Psychology / Amanova, I.K. (2016).
2017 жылдың 5 қараша айында «Бір ел- бір кітап » акция аясында әмбебап оқу залында біртуар ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған «Шығамын тірі болсам адам болып» атты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 3-4 курс студенттері және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Студенттер ақыннның өмірбаяның, шығармашылығын баяндама түрінде жеткізді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» поэмасымен «Шәкірт ойы», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері толығымен талқыланды, студенттердің барлығы өз ойларын айтып, өз пікірлерімен бөлісті.
2017 жылы 24 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Денсаулыққа деген құқық» ұранымен Қостанай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы, Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының қатысуымен әмбебап оқу залында «Зиялы өмірді таңда» атты дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер АИТВ/ЖИТС және нашақорлықтың алдын алу туралы презентациялар көрсетілді, кездесу тақырыбы бойынша сауалнама жүргізілді.
2017 жылдың 21 қараша айында ақпаратты кітапхана орталығында химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағалиева Батжан Мұқанқызымен кездесу өткізілді. Кешті АКО оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жақсыбаева Б.К. жүргізді. Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты – қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Кешке жаратылыстану- математика факультетінің 1- 2 курс студенттері қатысты. ЖМФ 1 курс студенттері Касымова Айтолкын, Исмагулова Айгерим, ұстазға арнап ақын Ж. Нәжімеденовтің «Ұстазға арнау»және «Ұстаз»деген өлеңдерін оқыды.