Ғалымдар - студенттерге

2017 жылдың 21 қараша айында ақпаратты кітапхана орталығында химия ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағалиева Батжан Мұқанқызымен кездесу өткізілді. Кешті АКО оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жақсыбаева Б.К. жүргізді. Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты – қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Кешке жаратылыстану- математика факультетінің 1- 2 курс студенттері қатысты. ЖМФ 1 курс студенттері Касымова Айтолкын, Исмагулова Айгерим, ұстазға арнап ақын Ж. Нәжімеденовтің «Ұстазға арнау»және «Ұстаз»деген өлеңдерін оқыды. «Ұстаз ұлы тұлға» атты шағын кітап көрмеде ұстаздың әр жылда жарық көрген еңбектері қойылды. Кеш соңында Батжан Мұқанқызы студенттерге ақ жол тілеп, ризалығын білдірді.

Биобиблиографиялық көрсеткіш

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз