Дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 09 февраля 2018
2018 жылы 9 ақпан айында оқырмандар, оқытушылар және орталық қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді. Көрермендер алдында сөйлеген сөзінде тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы Самаркин С. В. Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырып, 2018 жылы Қазақстан Республикасының Жолдауында ғылым мен білімнің дамуының рөлі мен бағытына баса назар аударды.
Философия ғылымдарының кандидаты, қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, заң және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі Б.Х. Алшанова Президенттің ойларының маңыздылығын атап өтті «еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстары негізінде азаматтық бейбітшілік, этносаралық және конфессияаралық келісімдер, біздің басты құндылығымыз болып қала береді». Ақпараттық кітапханалық орталығының директоры Нечипоренко И.И. «Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы туралы ақпаратпен және ақпараттық-кітапханалық орталықтың оқырмандары үшін «QR кор-ридер» технологиясы бойынша электронды кітапхананы құру туралы ақпаратпен бөлісті. ФФ 1-ші курс студенттері 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша электронды презентация жасап, көрсетті.