«Бір ел – бір кітап»
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2017
2017 жылдың 5 қараша айында «Бір ел- бір кітап » акция аясында әмбебап оқу залында біртуар ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған «Шығамын тірі болсам адам болып» атты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 3-4 курс студенттері және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Студенттер ақыннның өмірбаяның, шығармашылығын баяндама түрінде жеткізді. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» поэмасымен «Шәкірт ойы», «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері толығымен талқыланды, студенттердің барлығы өз ойларын айтып, өз пікірлерімен бөлісті. Кеште ақын С.Торайғыровтың өмірі мен қызметі жайлы презентация көрсетіліп, «Шығамын тірі болсам адам болып» атты, кітап көрмесі ұйымдастырылды.