«Ғалым – Студент»

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әмбебап оқу залында Институттың ардагерлер Кеңесі мен Студенттер мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырған «Ғалым – Студент» кездесу циклі бойынша педагогикалық еңбек ардагерлерімен әлеуметтік гуманитарлық және психологиялық-педагогикалық факультет студенттері арасында кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар: тарих ғылымының кандидаты, қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының профессоры Әлібек Т. К., педагогика ғылымының кандидаты, физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының доценті Демина Н.Ф., дене шынықтыру, спорт және туризм теория және практика кафедрасының ВАК доценті Бикташева Г. Ш., педагогика ғылымының кандидаты, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті Олейникова Т. Н., сондай-ақ институттың ардагерлер Кеңесінің мүшелері: химия ғылымының кандидаты, жаратылыстану ғылымының кафедрасының доценті Абдыкаликова К. А., педагогика ғылымының кандидаты, жаратылыстану ғылымының кафедрасының доценті Важева Н. В. және де қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің маманы Ищанова Р. С.

Оқу залында ғалымдардың ғылыми еңбектері көрмесі ұйымдастырылды. Студенттермен және жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімінің маманы Есмаханов Қуаныш пен Филология факультетінің 1-ші курс студенттері Аманбаева Даяна мен Нағашыбаева Мадинаның орындауында ардагерлерге арналған мерекелік өлеңдер мен әндер шырқалды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз