Диалог

2018 жылдың 16 ақпан айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының кандидаты, қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Бекмагамбетова М.Ж. кездесу өткізілді. Кешті филология факультетінің 2 курс студенті Колыханова Юлия жүргізді. Кездесуге психология және педагогика факультеті, әлеуметтік – гуманитарлық факультеті, филология факультеттерінің 1-2 курс студенттері қатысты. Әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Сайлау Әлия мен 3 курс студенті Тойшан Бейбарыс Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Кеш соңында Майсара Жаугаштиновна өз ризалығын білдіріп студенттерге ақ жол тіледі.

«Ұстаз ұлы тұлға» атты шағын кітап көрмеде ұстаздың әр жылда жарық көрген еңбектері қойылды. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз