«Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі»
- Подробности
- Опубликовано: 12 декабря 2017
2017 жылы 12 желтоқсан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ақпараттық кітапхана орталығында 1 курс студенттері арасында «Қазақстан тәуелсіздігінің дәуірі» атты интеллектуалды ойын өтті. Ойын мақсаты: жастарды патриоттық тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, студенттер арасында интеллектуалды ойындарды насихаттау. Сұрақтарға Қазақстан тарихы, мәдениет, салт-дәстүр, география, қызықты оқиғалар мен фактілер кірді. Іс-шара басында ойынның жүргізушілері ФФ 2-ші курс студенті Богомолова Л. мен ЖМФ 2-ші курс студенті Ким Л. Есдәулет Ұ. «Қазақстан» мен Ораз Н. «Тәуелсіздік таңы атты» өлеңдерін оқыды. Ойынның барлық қатысушылары белсенділік танытып, сұрақтарға қызу жауап берді. Ойын нәтижесі бойынша 1-ші орынды ЖМФ тобы, 2-ші орын ДШСжТФ тобы иеленді, ӘГФ және ФФ тобы 3-ші орынды бөліп алды.