Кәсіби кездесу

2018 жылы 30 қараша күні ақпараттық кітапхана орталығында колледж кітапханаларының меңгерушілері үшін «Заманауи оқу кітапханасы -дәстүрден инновацияға дейін» тақырыбына байланысты семинар өтті. Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ институционалдық репозиторийін ұйымдастыру және жүргізу, пайдаланушылардың әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу, ақпараттық технологиялар бойынша оқу кітапханаларының қорларын толықтыру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасып оқу орындарының кітапханаларының бірлескен қызметіне қатысты ұсыныстар берілді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз