Жазушы, ақын С. Кенжеахметұлының 80 жылдығына арналған тақырыпты кеш

2019 жылының 28 қаңтар айында ақпаратты кітапхана орталығының оқу залында ақын-жазушы, сатирик, этнограф, ғалым С. Кенжеахметұлының 80 жылдығына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты тақырыпты кеш өтті. Кештің қадірлі қонағы «Наш Костанай» газетіyнің бас редакторының орынбасары, журналист Жақсанов Оразалы Отынбайұлы қатысты. Іс-шараға филология, жаратылыстану-математика және психология-педагогика факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

Кеш қонағы Оразалы Отынбайұлы жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген қызықты мәліметтер айтып берді. Филология факультетінің 1 курс студенттері Қуанышбай Аружан мен Касымова Шолпан жазушы туралы өз баяндамаларын оқыды. Іс-шара жазушының шығармалары қойылған кітап көрмесі және де презентация көрсетілімімен безендірілді.

Ақпаратты – кітапхана орталығының
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің
меңгерушісі Жаксыбаева Б.К.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары Жазушы, ақын С. Кенжеахметұлының 80 жылдығына арналған тақырыпты кеш