Диалог

2017 жылдың 16 ақпан айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы Шахаман З.Б. кездесу өткізілді. Кешті  филология факультетінің 1 курс студенті Колыханова Юлия жүргізді. Кездесуге тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

«Ұстаз - ұлы тұлға» атты шағын кітап көрмеде ұстаздың әр жылда жарық көрген еңбектері қойылды. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Нағыз ұстаз болу бақыт әрі абырой. Шындығында ұстаз болу онай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз