«Бір ел – бір кітап»

2018 жылдың 11 сәуір айында «Бір ел- бір кітап » акция аясында әмбебап оқу залында «Кітап. Ел. Рух.» атты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Биылғы жылы оқуға тұңғыш рет бір – біріне ұқсамайтын үш бірдей кітап таңдалды:

  • Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары
  • Б. Момышұлының «Ұшқан ұя » повесі
  • Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді»

Студенттер үш бірдей арыстың шығармашылығын баяндама түрінде жеткізіліп,талқыланды,сонымен қатар студенттердің барлығы өз ойларын айтып, өз пікірлерімен бөлісті. Кеште үш бірдей арыстың өмірі мен қызметі жайлы презентация көрсетіліп, «Кітап. Ел. Рух» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз