Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына тұсаукесер
- Подробности
- Опубликовано: 12 марта 2018
2018 жылғы 12 наурыз күні әмбебап оқу залында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кездесуге Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 3 курс студенттері, филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараны Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы кіріспе сөзімен бастап, Елбасы кітабындағы басты тақырыптарға тоқталды. Сондай-ақ, ондағы реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын түсінікті етіп жеткізіп берді.
Әсіресе, соңғы Жолдаудағы Елбасының алдымызға қойған 10 міндеті туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, филология факультетінің 1курс студенті Гончар Наталья Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының бірінші тарауы бойынша Мемлекетіміздің дүниеге келуі, Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар) туралы орыс тілінде баяндама жасады. Іс – шараға қатысқан студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті. Осынау ұлы жолдағы істеріміз сәтті, болашағымыз кемел де жарқын бола берсін!