Оқырман конференциясы

2017 жылдың 15 қараша айында ақпаратты кітапхана орталығында «Алаш» партиясына 100 жыл толуына орай «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары » оқырман конференциясы өткізілді. Кешті әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 3 курс студенті Дүйсебек Алтынай мен АКО бөлім меңгерушісі Жаксыбаева Б.К. жүргізді. Кездесуге әлеуметтік-гуманитарлық, психология және педагогика факультеттерінің 3курс студенттері қатысты. Бұл конференцияның негізгі мақсаты оқырмандарға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп,осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу,

өз елін ,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Оқырман конференциясында әлеуметтік - гуманитарлық факультетінің 3 курс студенттері Ибраева А.,Шәкімбаева А.,Баймагамбетова Ф.«Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов», «Алаш партиясы,Алаш партиясының жетекшілері», «Тағдыр және Қарлаг»атты дайындаған баяндамаларын оқыды. Конференцияда «Алаш арыстары »атты презентация, «Алаш » атты бейне баян көрсетіліп, «Алаш тағылымы және тәуелсіздік» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз