• Автор: Джули Ривкин, Майкл Райан
  • ISBN: 978-601-7943-53-0
  • ISBN: 978-601-7943-55-4
  • Тілі: Қазақ
  • Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
  • Басылым жылы: 2019
  • Бет саны: 372
  • Алғашқы басылымы: 1997

Автор туралы:

Джули Ривкин – Коннектикут колледжінің (АҚШ) ағылшын тілі профессоры. Ол «Жалған позиция: Генри Жеймстің репрезентативті логика әдебиеті» (1996) атты еңбегінің авторы. Майкл Райанмен бірге «Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе (Wiley-Blackwell, 3-ші басылым, 2016) кітабын жазды. Майкл Райан Темпл университетінде (АҚШ) кино және медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы. Екі роман, саясат пен мәдениет журналының бірлескен редакторы.

Аннотация:

Джули Ривкин мен Майкл Райан құрастырған «Әдебиет теориясы» антологиясының екінші томы «Постструктурализм», «Психоанализ және психология» деп аталатын екі ауқымды бөлімнен тұрады.

Кітап постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологиямен арақатынасына арналады. Францияда пайда болып, АҚШ және неміс ғалымдарының зерттеулерінде көбірек көрініс тапқан постструктурализмнің қайнар көздері, оның жеке ағым ретінде өрістеуі әдебиеттегі трансгрессиялық, яғни бұзып-жару идеяларымен астарласа зерделенген. Жазу мен сөйлеудің байланысы, таңбаның классикалық теориясын жаңаша пайымдау, бейсаналық пен тіл, автор мен шығарма сияқты күрделі мәселелер кеңінен қозғалады.

Әр бөлім жеке бір әдеби шығарманы талдауға арналған қос тараумен тиянақталады. Жан-Жак Руссодан бастап Нобель сыйлығының лауреаты Элис Манроға дейінгі бірсыпыра жазушылардың шығармашылығына қатысты сан алуан қызғылықты пікірлер айтылған. Жекелеген зерттеушілердің эсселері, ғылыми мақалалары өзгеше тың ой-тұжырымдарымен кітаптың құндылығын арттыра түседі.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:

  • University of Oxford
  • University of Cambridge
  • Harvard University

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Әдебиет теориясы: Антология. 2-том