• Автор: Джули Ривкин, Майкл Райан
  • ISBN: 978-601-7943-53-0
  • ISBN: 978-601-7943-57-8
  • Тілі: Қазақ
  • Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
  • Басылым жылы: 2019
  • Бет саны: 1640
  • Алғашқы басылымы: 1997

Автор туралы:

Джули Ривкин – Коннектикут колледжінің (АҚШ) ағылшын тілі профессоры. Ол «Жалған позиция: Генри Жеймстің репрезентативті логика әдебиеті» (1996) атты еңбегінің авторы. Майкл Райанмен бірге «Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе (Wiley-Blackwell, 3-ші басылым, 2016) кітабын жазды. Майкл Райан Темпл университетінде (АҚШ) кино және медиа өнері профессоры. Бірнеше кітаптардың авторы. Екі роман, саясат пен мәдениет журналының бірлескен редакторы.

Аннотация:

Бұл оқулықта ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің арасындағы байланысты сан алуан қырынан қарастырып, аффект теориясы (С.Томкинс, И.Седжуик, Л.Берлант, Б.Массуми, С.Ахмед), нарративті эмпатия теориясы (С.Кин), когнитивті метафора теориясы (Дж.Лейкофф, М.Джонсон), когнитивті поэтика (Р.Цур, М.Тернер, Э.Сполски, Э.Харт), эволюциялық әдебиет теориясы (Дж.Кэрролл, Б.Бойд, Н.Истерлин, Дж.Готтшолл), репрезентативті емес теория (Н.Трифт), әрекетшіл желі теориясы (Б.Латур), киберфеминизм мен «жаңа материализм» теориясы (Д.Харауэй, Дж.Агамбен) жөнінде кеңінен сөз етеді.

Антологияға енген мақалалар жиынтығы көркем әдебиеттің мазмұны мен құрылымын, жанрлық сипатын, көркем шығармаларды аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін қайтадан пайымдауға, билік пен идеология табиғатын, этносаралық қарым-қатынастарды, халықаралық байланыс саласындағы жаңа тұжырымдарды, әлемдегі постотарлық ахуалды тыңнан зерделеуге жол ашады.

Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:

  • University of Oxford
  • University of Cambridge
  • Harvard University

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Әдебиет теориясы: Антология. 4-том