• Авторы: Алан Барнард
  • ISBN: 978-601-7943-16-5
  • Тілі: Қазақша
  • Баспа: "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ
  • Басылым жылы: 2018
  • Бет саны: 240
  • Алғашқы басылымы: 2000

Автор туралы:

Әлемнің үздік университеттерінде кеңінен қолданылатын профессор Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады.

Аннотация:

Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген. Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі.

Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салаларын және енді ғана қалыптасып жатқан интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты тақырыптарды кеңінен қамтыған.

Бұл оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Антропология тарихы мен теориясы