• Авторы: Дуэйн Шульц
  • ISBN: 978-601-7943-12-7
  • Тілі: Қазақша
  • Баспа: "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ
  • Басылым жылы: 2018
  • Бет саны: 448
  • Алғашқы басылымы: 1998

Автор туралы:

Дуэйн және Сидней Шульцтің «Қазіргі психология тарихы» пәнінің қалыптасу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі дамуын қамти отырып, роботтар мен жасанды интеллект секілді жаңа құбылыстарды психология тұрғысынан талдайды.

Аннотация:

«Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды. Психология тарихындағы маңызды тұлғалардың «Өзі оқыған дәрістен» айдары арқылы берілген түпнұсқа дәрістер – ізденушілер үшін таптырмас дүние. Оқырмандар бұл кітаптан бұрынғы басылымдарда жарияланбаған Фрейдтің хаттары, XVII ғасырдағы механикалық мүсіндер мен бүгінгі роботтардың арасындағы байланыс, Екінші дүниежүзілік соғыстың Америка психологиясының өсіп-өркендеуіне еткен ықпалы, Алессандро Вольтаның «таңғажайып» зерттеуі сияқты бірқатар қызықты мәліметтермен таныса алады.

Бұл оқулық психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Қазіргі психология тарихы