• Автор: Шо Малколм Н.
  • ISBN: 978-601-7943-19-6
  • Тілі: Қазақ
  • Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
  • Басылым жылы: 2019
  • Бет саны:  584
  • Алғашқы басылымы:  1991

Автор туралы:

Малколм Шо – король адвокаты (QC) – Essex сот палатасында тәжірибелі адвокат және Кембридж университетіндегі Lauterpacht Халықаралық құқық орталығында аға ғылыми қызметкер. Дүниежүзіндегі жетекші халықаралық заңгерлердің бірі, сонымен қатар, Халықаралық құқық институтының мүшесі (Associé of the Institut de Droit International), Британ халықаралық және салыстырмалы құқық институтының сенімгер басқарушысы, Сямень халықаралық құқық академиясы Кураториумының негізін қалаушылардың бірі.

Аннотация:

Бұл кітап – халықаралық құқық тақырыбына арналған аса құнды оқулықтардың бірі. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріліп, түрлі құқық жүйелерінің нормалары салыстырылады, өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптері сөз болады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады.

Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді. Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:

  • University of Oxford
  • Stanford University
  • University of Cambridge

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Халықаралық құқық. 1-кітап