• Автор: Шунк Дейл Х.
  • ISBN: 978-601-7943-22-6
  • Тілі: Қазақ
  • Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
  • Басылым жылы: 2019
  • Бет саны: 608
  • Алғашқы басылымы: 1990

Автор туралы:

Дейл Х. Шунк – білім беру психологы, Гринсбородағы Солтүстік Каролина университетінің Білім беру мектебінің бұрынғы деканы және қазіргі профессоры. Ол әлеуметтік және білім беру айнымалыларының таным қабілеті, үйрену, өзінің әрекетін басқару және ынталандырудағы әсерін зерттеді. Шунк Contemporary Educational Psychology және Educational Psychology Review сынды журналдардың редакциясында қызмет атқарды.

Аннотация:

Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады.

Сондай-ақ, бұл басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған. Қорытынды тарауда студенттер оқу процесі барысында өз бетінше орындауға тиіс тапсырмалар берілген.

Қазақ тіліне жетінші басылымынан аударылған бұл оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:

  • University of Oxford
  • University of Cambridge
  • Yale University

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная 100 жаңа кітап Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі