- Автор: Гэмбл Джон, Питереф Маргарет, Томпсон Артур
- ISBN: 978-601-7943-36-3
- Тілі: Қазақ
- Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
- Басылым жылы: 2019
- Бет саны: 536
- Алғашқы басылымы: 2008
Автор туралы:
Джон Гэмбл – менеджмент саласының профессоры.
Артур Томпсон – экономика ғылымдарының докторы.
Маргарет Питереф – Дартмут колледжіндегі Так бизнес мектебінің профессоры.
Аннотация:
«Essentials of Strategic Management: The Quest for Competitive Advantage» – «Стратегиялық менеджмент негіздері: Бәсекелік артықшылыққа ұмтылу» оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді. Кітапта жалаң мәтін жоқ, әр курс мәселені талқылауымен, өзекті мысалдар келтіруімен мәнді. Әлемге әйгілі компаниялардың тыныс-тіршілігінен маңызды, қызықты мысалдар беріледі.
Түрлі жаттығулар студенттердің алған теориялық білімін пысықтайды, симуляциялық ойын тәжірибесі студенттердің курсқа деген ынта-ықыласын арттырады. Кітапта теория мен практика бөле-жара қарастырылмайды, екеуі бірін-бірі толықтырып, оқулықтың мазмұнын байытқан.
5-басылым академиялық салада, менеджмент тәжірибесінде қолдануға лайық, оқытушыға арналған тың әдістеме ұсынады. Жалпы менеджмент саласына қызығатын оқырман үшін аса құнды, қажет еңбек. Сонымен қатар қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- University of Oxford
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University