- Автор: Пинкер Стивен
- ISBN: 978-601-7943-30-1
- Тілі: Қазақ
- Баспа: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
- Басылым жылы: 2019
- Бет саны: 386
- Алғашқы басылымы 2007
Автор туралы:
Стивен Пинкер әлемдегі тіл мен сана саласындағы алдыңғы қатарлы авторлардың бірі болып саналады. Оның танымал және жоғары бағаланған кітаптары: "Ой маңызы", "Сөздер мен ережелер", "Сана қалай жұмыс істейді?" және "Тілдік инстинкт". Пинкер білім беру саласындағы кітаптары мен ғылыми зерттеу жұмыстары үшін бірнеше маңызды сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, ол «The New York Times», «Time», «New Republic» және басқа да журналдарға жиі жазып тұрады.
Аннотация:
Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер – ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің «Тіл – инстинкт» атты бұл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған.
Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.
Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.
Бұл кітапты пайдаланушы университеттер:
- University of Oxford
- Stanford University
- University of Cambridge
- Harvard University
- Columbia University
- Yale University
- Moscow State University