Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы профессор және аға оқытушы бос лауазымдарына орналасу үшін білікті үміткерлерді іздейді
- Подробности
- Опубликовано: 18 июня 2020
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалы профессор және аға оқытушы бос лауазымдарына орналасу үшін білікті үміткерлерді іздейді.
⠀
Сізге іріктеуден табысты өту үшін:
⠀
Профессорға:
- PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; ғылыми атағының болуы (мүмкіндігінше), ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 8 жыл;
⠀
Аға оқытушыға:
- PhD немесе бейіні бойынша докторы дәрежесінің (мүмкіндігінше шетелдік ЖОО-ның) не ғылыми дәрежесінің болуы; не магистр дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиалдың қызметі бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жы.
⠀
Егер Сіз өзіңізді осы позицияға барынша лайықты үміткер деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, электронды мекенжайына өз түйіндемеңізді жіберіңіз.
⠀
Конкурс бойынша қосымша ақпаратты 8 7142 575124, 575150 телефондары арқылы алуға болады.