2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы
- Подробности
- Опубликовано: 14 сентября 2020
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 12 ай іске асыру мерзімімен 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/obyavlenie-o-provedenii-konkursa-na-grantovoe-finansirovanie-po-nauchnym-i-ili-nauchno-tehnicheskim-proektam-na-2021-2023-gody-so-srokom-realizacii-12-mesyacev?lang=ru.
Ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі.
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 14 қыркүйек 2020 жыл.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 28 қазан 2020 жыл (қоса алғанда).
Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтемесі арқылы беріледі.