Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2013
ҚР білім және ғылым министірлігі, РФ білім және ғылым министірлігі РГП на ПХВ «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты», Ғылыми инвестициялық орталығы, Нижний Новгород қ., Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Әлеуметтік институт), Мәскеу ақпараттық технологиялар және әлеуметтік сараптамалар орталығы, Қостанай облыстық әкімдігінің білім басқармасы өткізеді Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазақстандық білім беруді жаһандандыру жағдайында студент жастарды ортада әлеуметтендіру және кәсіби орнықтыру» тақырыбында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акты залында 10 сәуір 2013 жылы өтеді.
Конференция мақсаты: білім беру жүйесін реформалау мәселесін талдау, елдің қоғамдық-экономикалық жағдайындағы шынайы бейімделуі және жастарды әлеуметтендірудегі стратегиялық міндеттерін ойластыру.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы білім саласының араласуымен, отандық және шетел ғалымдары және тәжірибелі педагогтардың қатысуымен жоспарланады:
1. Мануйлов Юрий Степанович, педагогика ғылымының докторы, профессор, ғылыми инвестициялық орталығының директоры, Нижний Новгород қ.
2. Сейтқазы П.Б. пед.ғыл.доктор, профессор, (Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана қ. )
3. Уварина Н.В. педагогика ғылымының докторы, профессор, (ЧГПУ, Челябі, Рессей)
4. Искандирова Т.Н. педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Қостанай дарыны аймақтық ғылыми тәжірибелік орталығының диреторы
5. Даумова Б.С. педагогика ғылымының кандидаты, Білім беру аймағын бақылау бойынша Депертамент директоры
Конференция бағдарламасында 10 сәуірде үйірме және дөңгелек үстел; пленарлық отырысты өткізуді қарастырады. Конференцияның ғылыми бағыттары:
- Ортаға бейімдеу педагогикасы - xxi ғасырдың әлеуметтік ғылымы және ортаны әлеуметтендіру тұжырымдамасы ретінде
- Дарынды баларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау, оның ғылыми негіздері, жаңашылдылығы, тәжірибелілігі
- Студент жастардың кәсіптік орнығуын және салауатты өмір салтын қалыптастыруын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
- Отбасы – адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеудің негізгі институты ретінде
- Қазіргі әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негізі
- Қазіргі әлеуметтік мәдени ортадағы ата-аналардың және мұғалімдердің педагогикалық мәдениетін дамыту.
- Қоғамдағы тәрбие технологиясы
- Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау факторы ретінде ұлтаралық қарым-қатынас ортасын қалыптастыру.
- Әлеуметтік тәрбие және қалыпты немесе қалыптаспаған қоғамдағы оның міндеттері