«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультеті мен мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысына қатысуға шақырады.
Сіздің жоғары оқу орныңыздың (колледждің) өкілін сайысқа қатысуға шақырамыз.

Жоба атауы

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысы

Сайысты өткізу мақсаты

Бакалаврларды даярлаудың сапасын жетілдіру, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғалық шығармашылық мүмкіндігінің белсенділігін арттыру, студенттің таңдап алған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды анықтау.

Сайысқа қатысушылар

Сайысқа педагогикалық жоғары оқу орнының, колледждердің 3-4 курс студенттері қатысады. Жоғары оқу орны (колледж)-қатысушы өздерінің студенттік-авторлық тобын, олардың сайыс материалдарының жинағын және сайыстың әділ-қазысына бір экспертін ұсынады (бланкі берілген).

Өткізу мерзімі және түрі

Сайыс материалдарын жинақтау 2013 жылдың «15» наурызына дейін сыртай түрде жүргізіледі. Эксперттік комиссия жұмысы 5 сәуірден 15 сәуірге дейін. Қорытындысын шығару 2013 жылдың 15 сәуірі мен 20 сәуір аралығында болады.

Ақпаратты толық көшіру

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»