Хабарландыру
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2017
2017-2018 оқу жылына академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға бірінші жартыжылдыққа студенттер арасында конкурс жарияланады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 02 ақпандағы №47 бұйрығына сәйкес, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2017 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бір семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдердің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін студенттерінің саны бекітілді. Еуропалық Кеңес мүшелері – 6 адам.
Үміткерлер құжаттарын 10.05.2017 ж. дейін деканатқа тапсыру қажет. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді іріктеу ашық конкурс қағидаларына сәйкес қабілеттеріне және қоғамдық белсенділігіне қарай тең өткізіледі. Конкурсқа барлық мамандықтар бойынша 1-3 курс студенттері қатыса алады. 22- 26 мамыр аралығында шет тіліннен емтихан және әңгімелесу өткізіледі. 26.05.2017 конкурстық комиссияның отырысы өтеді.
Шетелге, оның ішінде академиялық орлымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығы) үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
- шет тілін білу деңгейі;
- білім туралы құжаттың орташа балы немесе білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі.
Конкурстан өткен тұлғалар баратын жоғары оқу орындары нақтыланатын болады.