Құрметті студенттер!

15 ақпаннан бастап институтымызда театралды-драмалық студия өз жұмысын бастады. Студия жетекшісі – І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі Бегайдаров Олжас Қоныспекұлы.

Студияның мақсаты студент жастарды театралды- көркем өнерге баулу болып табылады. Студияға қатысу – жан-жақтылық пен көпқырлылықты дамытудың таптырмас мүмкіндігі.

Сабақ театр өнерін меңгеру, шешен сөйлеуге, жылдам реакцияны дамытуға, тапқырлық пен шапшаңдылық қасиеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай – ақ бағдарламаға сауатты сөйлеу, қимыл-қозғалыс еркіндігін дамыту, ритмика да кіреді.

Барлықтарыңызды 2018 жылдың 19 ақпан күні 014 кабинетте сағат 15:00-де күтеміз.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Құрметті студенттер!