Ы.Алтынсарин орталығының эмблемасы» конкурсы

Ы.Алтынсарин атындағы орталықтың ең үздік эмблемасы үшін Ы.Алтынсарин атындағы орталығы конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты: орталықтың символы ретінде одан әрі пайдалану үшін эмблема құрастыру.

Аталған конкурсқа ҚМПИ-ның студенттері қатыса алып; кез-келген графикалық компьютердің редакторын пайдаланып дайындалған жеке немесе топпен сурет салу түрінде орындалған конкурстық логотип жобасың дайындайды.

Эмблеманың эскизі оны әртүрлі материалдар мен әдістермен әрі қарай енгізуді ескере отырып әзірленуі керек. Көптеген ұсақ бөлшектерден аулақ болу, жай түстер палитрасын пайдалану ұсынылады.

Эмбеламада «Ыбырай Алтынсарин атындағы орталығы» деген жазу болуы керек. Конкурска ұсынылған эмблеманың әрбір элементі сипаттамамен және символдық мәнді автордың түсіндірмесімен бірге жазылуы тиіс.

Конкурс жұмыстары келесі критерий бойынша бағаланады: көркемдік деңгейі, шығармашылық қабілеті, көрнекі әдістемелердің қысқаша сипаттамасы және графикалық шешімнің өзіндік ерекшелігі, көрермендерге қабылдаудың жеңілділігі және репликалаудың қарапайымдылығы.                                                

Конкурс жұмыстары 01 наурызға дейін қабылданады. Конкурстың қорытындысы 01.03.13ж. жарияланатын болады.Байқау жеңімпазы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады. Қатысушыларға сертификат беріледі.

Байқауға арналған материалдармен бірге өтінім 511 кабинетте қабылданады.

«Ы.Алтынсарин орталығының эмблемасы» байқауы туралы ЕРЕЖЕ

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Ы.Алтынсарин орталығының эмблемасы» конкурсы