Қадірлі әріптестер!

Көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдығына орай 2018 жылдың 03 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.

«Ұлттық рухани құндылық: қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жаңартудағы ықпалы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялар):

  1. Қ.Жармағанбетовтің әдеби мұрасы: поэзия, проза, аударма саласындағы дәстүр мен жаңашылдық
  2. Жаһандану жағдайындағы әдебиеттің ұлт рухын дамыту мен нығайтудағы маңызы
  3. Тарихи-мәдени даму үдерісіндегі ұлттық тіл білімінің өзекті мәселелері

Тіркеу 2018 жылы қазанның 03 күні сағ. 9.00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде жүргізіледі. Басталуы сағ. 10.00-де.

Конференция материалдары мақалалар жинағы түрінде жарық көреді. Мақалалар 15 қыркүйекке дейін қабылданады. Мақала соңында қазақ немесе орыс тілдерінде түйіндеме беріледі. Редакция мақаланы өңдеумен айналыспайды. Іріктеуден өткен мақалалар жинақ түрінде баспадан шығарылады. Басылым жұмыстарына – 3.000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы белгіленген.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5 беттен аспауы тиіс, редакторы – WORD (doc, docx), кегль 14. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN қарпімен жазылуы қажет. Мақалалардың баспа мәтіні және электронды нұсқасы болу керек. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Мақала тақырыбы ортаға кіші әріппен, жартылай жуан шрифтпен (кегль 14) жазылады; төменірек оң жақта автордың аты-жөні, жартылай жуан шрифтпен (кегль 14), ғылыми атағы пен дәрежесі, астына курсивпен жұмыс орны, қала көрсетіледі (кегль 12). Парақ параметрлері: үстіңгісі мен астыңғысы – 20 мм, сол жақ – 30 мм, оң жақ – 15 мм. Жол аралығы – 1,0 интервал.  

Мақалалар мына мекенжайда қабылданады:

Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, 503-кабинет, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті. Қазақ тіл мен әдебиеті кафедрасы.

Жауапты қабылдаушылар: Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, Сейсембай Талғат Тұрарбекұлы, ұялы тел.: 87759067563, 87072575402

Эл. пошта:

Реквизиттері:      

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Костанайская область, Костанай Г.А., г.Костанай , Тәуелсіздік, 118
БСН 040340005711
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ726017221000000090
КБЕ: 15
БАНК: АО "Народный Банк Казахстана", Адрес: г.Алматы

Конференцияға қатысушының өтініш үлгісі:

Аты-жөні (толығымен) _______________________
Жұмыс орны _______________________ 
Қызметі _______________________ 
Ғылыми атағы, дәрежесі _______________________ 
Секция _______________________ 
Мақаланың тақырыбы _______________________ 
Мекен-жайы (қала) _______________________ 
e-mail _______________________ 
Телефон _______________________ 
Қонақ үй (керек болса) _______________________ 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Қадірлі әріптестер!