Әлеуметтік бағдарлама бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін» оқып жатқан 2019 жылының түлектерінің назарына

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі -Бағдарлама) аясында мәлімдейді.

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде (квота бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан 10% мөлшерінде білім ұйымына оқуға түсу кезінде белгіленеді) өңірлерде оқып жатқан ауыл жастарының қатарындағы түлектер ағымдағы жылдан өңіраралық қоныс аударуға қатысушыларға жатады.

Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

  1. Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
    1.1 Бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;
    1.2 Отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге деәйн болса 25АЕК мөлшерінде;
    1.3 Отбасы мүшелеренің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
  2. Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
    2.1. бір адам үшін – 15АЕК мөлшерінде;
    2.2. отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде;
    2.3. отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

Жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

Бағдарлама аясында ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары,облыстың аудандары мен қалалары бойынша ақпараттық роликтер, сондай-ақ барлық көрсетілген ақпарат Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында (www.zansoc.kostanay.gov.kz"Көші-қон" бөлімі) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған.

Толық ақпарат алу үшін 213 кабинетке хабарласыңыз

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Әлеуметтік бағдарлама бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін» оқып жатқан 2019 жылының түлектерінің назарына