«Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер»

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе отырып «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 2-кезеңін өткізеді.

Қатысушылар: Қазақстан және ТМД-ның басқа мемлекеттерінің, сондай-ақ алыс шетел ЖОО-лары мен колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері.

Өткізу формасы: баяндама басылымымен нақты қатысу және сырттай, конференция материалдарын баспаға шығару арқылы.

Конференцияның тематикалық бағыттары:

  • Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің сын-тегеуріндері.
  • Өмір бойы оқу контексіндегі көптілді білім беру.
  • 21 ғасырдағы ақпараттық-білім беру ресурстары: үздіксіз білім беруге арналған жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар.

Ғылыми мақалалар конференция өткізілгеннен кейін электрондық жинақта жарияланатын болады. Авторларға электрондық сертификат жіберіледі.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 10 қарашасына дейін http://lifelong-education-conf.kz сайтына тіркелу қажет.

Қатысушыға http://lifelong-education-conf.kz сайтына сәтті тіркелгеннен кейін өз кабинетіне кіру үшін жеке логин және құпиясөз беріледі.

Өткізу орны: Қостанай қ., Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Тәуелсіздік көшесі, 118.

Байланыс контактілері: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, тел.: 8 (7172) 576 325, 576 649; Академия сайты – www.nao.kz

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар «Тұрақты даму мүдделерінде үздіксіз білім беру: жаңа сын-тегеуріндер»