«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2018» атағын беру конкурсын өткізу туралы

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2018» атағын беру үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі конкурс жариялайды. Құжаттар ағымдағы жылдың 8 және 17 қарашасы аралығында қабылданады.

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 502 бұйрығы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне» сәйкес жыл сайын 2 кезең бойынша өткізіледі.

Бірінші ЖОО-ішілік кезең ағымдағы жылдың қазанында өткізіледі, өткізу тәртібін ЖОО өзі белгілейді. Нәтижелер бойынша, қорытынды кезеңге қатысатын үміткерлердің толық тізімі ҚМПИ Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітіледі.

Екінші республикалық кезең 2018 жылдың желтоқсанында өткізілетін болады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2018» атағын беру конкурсын өткізу туралы