Назар аударыңыздар! ҚМПУ жас оқытушыларының сайысына қатысу үшін қүжаттарды қабылдау 01.02.2019 аяқталады
- Подробности
- Опубликовано: 24 января 2019
Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет:
- конкурсқа қатысуға өтінім;
- портфолио (қағаз және электронды түрде)
- ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі
- дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері
Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
Қатысушы портфолиосының құрылым үлгісі
1 Титул парағы
- Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты
- Туған күні
- Кафедра, тәлімгердің аты-жөні
- Құжаттар мен материалдар ұсынылған кезең
2 Мазмұны
3 Жалпы мәліметтер
Білімі және біліктілігін арттыру туралы мәліметтер
- а) білімі: бакалавриат, магистратура
Оқу орнын, алған мамандығы мен біліктілігін, оқу мерзімін көрсету
- б) біліктілікті арттыру немесе қосымша білім алу
Оқу орнын немесе біліктілікті арттыру нысанын, ұйымдастыруды, оқу мерзімін, алынған құжаттың түрін көрсету
Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Жалпы еңбек өтілі
Педагогикалық өтілі
4 Оқу-әдістемелік жұмыс және оның нәтижелілігі
- оқытатын пәндері, заманауи білім беру технологияларын қолдану,
- жеке технологиялар мен әдістемелерді әзірлеу және іске асыру, ашық сабақтар;
- мектептермен және басқа да білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл түрлері;
- мастер - кластар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар және т. б. өткізуге қатысу.
5 Ғылыми-зерттеу жұмысы және оның нәтижелілігі
- Ғылыми жұмыс, жоба тақырыбы, студенттердің ғылыми жұмысына басшылық жасау, жетістіктері
6 Тәрбие жұмысы және оның нәтижелілігі
- Кураторлық жұмыс, әлеуметтік жобалар, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру
7 Әртүрлі
Байланыс тел. : 223
Абдыкаликова К.А., Важева Н.В.