«ҚМПУ жас оқытушылар байқауы туралы ереже»
- Подробности
- Опубликовано: 27 мая 2018
Байқаудың мақсаты - шығармашылықпен жұмыс істейтін жас оқытушыларды анықтау және қолдау, педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде және ғылыми-зерттеу қызметінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру.
Байқау екі кезеңде өтеді – сырттай және күндізгі
Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет:
- конкурсқа қатысуға өтінім;
- портфолио (қағаз және электронды түрде)
- ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі
- дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері
Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
Екінші кезең - күндізгі ( 2019 ж. Наурыз )
Екінші кезең барысында қатысушылар
- өзін-өзі таныстыру жайлы презентация (регламент 10 минут)
Презентацияда авторлық педагогикалық тәсілге сәйкес ҚМПУ-да мамандарды даярлаудың оқу-тәрбие процесіне өзінің қатысуын көрсету; инновациялық идеялар, олжалар; оқытушының өз қызметінде және қоғамның қазіргі даму кезеңінде студенттерді дайындауда ғылыми - зерттеу жұмысының маңызын түсіну.
- Ашық сабақ ( регламент 50 минут )
Байқау қорытындысын шығару
Байқау қорытындыларын шығару конкурстық іріктеу критерийлеріне сәйкес конкурстық сынақтарды бағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті
Төраға - Бектурганова Р.Ч., ректордың кеңесшісі, п. ғ.д. , профессор
Мүшелері:
- Абдыкаликова К.А., ардагерлер кенесінің төрағасы, жаратылыстану кафедрасының профессоры, х. ғ. к.
- Важева Н.В., менторлық жобаның кураторы, пед.ғ. канд., жаратылыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п. ғ. к.
Байқаудың қазылар алқасы
- Төраға - Мусабекова Г.А. , академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, п. ғ. к.
- Төрағаның орынбасары - Өтегенова Б.М., педагогика кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к., доцент
Мүшелері:
- Ташетов А.А., ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы, PhD доктор
- Ищанова Р.С. – қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің маманы
- Бермагамбет Р.Е., оқу -әдістемелік басқармасыакадемиялық бағдарламалар офисінің жетекшісі, магистр.
Байланыс тел.: 223
Абдыкаликова К.А., Важева Н.В.