Кітап көрмесі

Ақпараттық кітапхана орталығының оқырман залында «Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті: тарих және қазіргі заман» атты кітап көрмесі ашылды. Экспозиция Қазақстанның солтүстік өңірінің алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орындарының бірінің 80 жылдық мерейтойына арналған.

Университет тарихы – Қостанай облысының жоғары педагогикалық білім беруді дамытудың бастауында тұрған талантты және жанкешті оқытушылардың, қызметкерлердің өмірі мен шығармашылығы. Жоғары оқу орнының дәстүрі, атақты түлектер туралы көрмеде орналастырылған басылымдар баяндайды. Мұнда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1958, 1959,1961 жж. жарық көрген "ғалымдардың жазбалары" алғашқы басылымдарымен танысуға болады.

Көрме бөлімі: "Оқытушылардың ғылыми еңбектері" университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін және де монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми жинақтар ұсынылған. Басылымдар факультет бойынша жүйеленіп, қазақ, орыс және шет тілдерінде ұсынылған.

Көрмеде жоғары оқу орнының тарихымен, қалыптасуымен және заманауи жетістіктерімен танысуға болады.

Ақпараттық кітапхана орталығы Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ 80 жылдығына арналған көрмеге шақырады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Кітап көрмесі