Хабарландыру

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118, кадрлар бөлімі, № 112 кабинет, анықтама телефоны 53-11-72) профессор – оқытушылар құрамының келесі лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра меңгерушілері: Қазақстан тарихы–1;қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері–1; физика-математикалық пәндер–1;информатика, роботехника және компьютерлік технологиялар–1; жаратылыстану ғылымдары–1.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар және ғылыми- педагогикалық қызметінде жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

Кафедра профессорлары: Қазақстан тарихы – 4;жаратылыстану ғылымдары-1.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы бар және ғылыми - педагогикалық қызметінде жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

Кафедра қауымдастырылған профессорлары (доценттері): қоғамдық пәндер,құқық және экономика негіздері–3; информатика, роботехника және компьютерлік технологиялар-1;физика-математикалық пәндер–1;өнер–1; психология және дефектология–2; мектепке дейін және бастауыш білім беру–1;қазақ және орыс филологиясы департаменті–5;шетел филологиясы департаменті – 2.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар және ғылыми - педагогикалық қызметінде жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

Кафедра аға оқытушылары: психология және дефектология – 5; педагогика – 1;мектепке дейін және бастауыш білім беру–6;қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері–1;өнер–6;жаратылыстану ғылымдары -1;физика-математикалық пәндер–6;дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы–4; қазақ және орыс филологиясы департаменті–3; шетел филологиясы департаменті–3.

Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде оқытушы лауазымында 1 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Өтініштерді беру мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнпарақ күнінен кешіктірмей қабылданады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар Хабарландыру