25.03.2016
Алматы Менеджмент Университетінде (бұрынғы «Халықаралық Бизнес Академиясы» КЕББМ ) 2016 жылдың 25 наурызында Қаржы және менеджмент Жоғары Мектебі ұйымдастыратын «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан экономикасының әлеуеті» атты жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына 3-4 курс студенттерін, магистранттар мен докторанттарды қатысуға шақырады. Конференция сағат 09:00-де басталады.

