22.05.2015
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Алматы облысының облыстық соты және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ Алматы облысының филиалы қатысуымен 2015 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай өткізілетін «Болашақ Қазақстанның контекстіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.