11.04.2014
Құрметті әріптестер! Сіздерді «КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕМДІК БІЛІМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ЕНУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ: ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ» атты халықаралық- практикалық конференцияға шақырамыз. Конференцияға алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, ЖОО-ның ғылыми кызметкерлері мен оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және колледж, мектеп мұғалімдері қатыса алады. Конференция 2014 жылғы 11 сәуірде өтеді.