26 сәуір 2019
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге 2019 жылғы 26 сәуірде «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» (бұдан әрі – Конференция) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференцияда инклюзивті білім берудің дамуына байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады.