Нағыз муғалім мектепке жан бітіреді

Қостанай таны, 26 қаңтар 2005 жыл

- Қаныбек Кенжебайулы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факуль-тетінің бүгінгі жай-күйі мен тыныс-тіршілігі туралы, жалпы факультетте атқарылып жатқан жумыстар жайлы айтып берсеңіз?

- Институттың негізгі бағыты - орта білім беретін мектептер үшін заман талаптарының үдесінен шыға ала-тын жан-жақты, білікті, сапалы мүғалім-мамандар даярлау. "Мектептің жаны - мұғалім" дейді үлт руханиятының көсемі Ахмет Байтүрсынов. Қазіргі филология факультетінің басты мақсатыда - мектепке жан бітіре алатын нағыз мұғалімдерді тәрбиелеп шығару.

Факультетімізде үш кафедра бар. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті кафедралары филолог-мамандар даярлайтын арнайы кафедралар болып табылса, практикалық лингвистика кафедрасы институттың барлық факультеттеріне қазақ және орыс тілдерін оқытуды қамтамасыз ететін факультетаралық қызметі бар кафедра.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Қ.Нурмұхаметова, ал орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының доценті Б.Ахметова, практикалык лингвистика кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы М.Жұмашев.

Факультетте 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, ғылыми жұмысын аяқтап, "бес минутсыз" бес-алты ғылым кандитаттары, ғылыми тақырыптарын бекітіп, ізденіс үстінде жүрген 7-8 оушы дәріс береді.

Бүгінгі таңда факультетте барлығы 756 студент оқиды. Студенттер қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша білім алуда.
Бізде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша магистратура бөлімінің бар екенін де айта кеткен жөн. Магистратурада дайындық тереңдетілген даярлық және ғылыми-педагогикалық даярлық деген екі бағытта жүргізіледі. Магистратураның білім беру бағдарламалары іргелі білім беру, әдіснамалықжәне зерттеу даярлығы мен филология ғылымының белгілі бір бағыты бойынша пәндерді тереңдете зерделеуді көздейді. Бітірушілерге "магистр" академиялық дәрежесіберіледі. Магистрлердің докторантурада оқуын жалғастыруға, ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар. Биыл бұл бөлім екінші түлектерін үшырғалы отыр.

- Факультетке бөлінген мемлекеттік білім гранты-ның мөлшері қанша?

- Жалпы, жоғары оқу орындарына берілетін мемле-кеттік білім гранттары көлемі әр жылда әр қалай болып келетіні белгілі. Үстіміздегі оқу жылы басқа жоғары оқу орындарына қарағанда Қостанай мемлекеттік педаго-гикалық институтына білім гранттары молырақтиді. Мысалы, бір ғана филология факультетінің 1-курсында 38 студент грантпен оқып жатыр. Мұншалықты грант са-нын басқа жоғары оқу орындарының бірде-бірінен кез-дестіре алмайсыз.

- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына білім грантының молырақ бөлінуінің себебі неде?

- Ауыл мектептерінің сапасы мен маңызын көтеру және ауылдық жерлерде жастар санының үлес салма-ғын арттыру мақсатында былтыр Білім және ғылым ми-нистрлігі Үкіметтің қолдауымен республикамыздың бес облыс орталығындағы университеттен бес педагогикалык институт бөлініп шыққаны мәлім. Жұмыла жұды-рық болатын бір қолдың бес саусағындай бүл институттардың қайта қүрылуы еліміздің білім беру саласында туындаған қажеттілік еді. Демек, жоғары білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігінің біздің оқу орнына жүктелуі заңды да.

- Тусінікті, енді әңгіме ауанын өзіңіз басқарып отырған филология факультетінің тарихына аудар-сақ.

- 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Қостанай педагогикалык училищесінің негізінде екі жылдық Қостанай мүға лімдер институты қүрылады. 1942 жылдың күзінде институтта орыс тілі мен әдебиеті бөлімі ашылады. 1955 жылдың 5 шілдесінен бастап екі жылдық муғалімдер институты Қостанай педагогикалық институтына айналады. 1989 жылы Қостанай педагогикалық институты филология факультеті ішінен қазақтілі мен әдебиеті мамандығы ашылып, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы құрылды. Кафедраны білікті басшы, доцент, әріптесіміз әрі жасы үлкен апамыз, марқүм Күлжамал Досаева бас-қарды. Өз басым, осы аяулы есімнің факультетіміздің тарихынан алатын орны ерекше деп білемін. Кафедра қүрамында бірінші болып жас мамандар А.Бопина, Ш. ЬІсқақова, Қ.Нурмұхаметова, С.Оданова, К.Жақсылықова, т.б. жұмыс істеді. 

Ал, 1992 жылы филология факультетінен қазақ филологиясы жеке факультет болып бөлініп шықты да, факультет қүрамы жолдамамен келген жас маман-оқытушылармен толыға түсті. Қазақ филологиясы факультетінде, 1991 жылдан бастап 2003 жылға дейін К.Нұрмүхамедов декан болды. Ал 1993 жылы Қостанай педагргикалық институтына университеті мәртебеберілді, 2003 жылы қазақ филология факультеті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы Қазақ және орыс филологиясы институты болып құрылып, оның директоры болып белгілі ақын-публицист А.Шаяхметов тағайындалған еді.

2004 жылдың сәуір айынан бастап университет қүрамынан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп шықты да, филология факультеті қайта құрылды.

- Факультеттегі оңу үрдісімен қанаттас жүретін ғылыми, мәдени шаралар жөнінде бірер сөз.

- Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында студент-тердің "Ізденіс", орыс тілі мен өдебиеті кафедрасында "Орыс диалектологиясы", "Грамматика тәжірибесі" атты ғылыми үйірмелер жүмыс істейді. Үйірмелерге аға оқыту-шы Т. Сейсенбай, Б. Ахметова, Г. Мустакимова сияқты білікті ғалым-оқытушылар жетекшілік етеді.Үйірменің мақсаты - студенттердің ғылымға бейімділігін арттыру, өз бетімен ізденіп, ғылыми жұмыс үрдісінің кезеңдерін меңгеруіне, өз алдына ғылыми түжырымдар жасай білуіне мүмкіндік туғызу және олардың ғылыми-ізденушілік қабілеттерін ұштау. Бұл үйірмеге мүше студенттер өздеріне бекітілген ғылыми тақырыптармен жыл бойы айна-лысады да, жыл аяғында студенттердіңғылыми конференциясында баяндама жасайды. Үздік шыққан студен-ттердің ғылыми жүмыстары республикалық, халықара-лық ғылыми конференцияларға үсынылады.

Талантты студент жастарымыз да бар. Жыл сайын Астана қаласында дарынды жастардың шығармашы-лығына арналған "Шабыт" атты халықаралық фестиваль өтеді. "Шабыттың" "Әдебиет" номинациясы бойынша бас жүлдесін екі жыл бойы қатарынан осы Қостанай педагогикалық институты филология факультетінің студенттер! жеңіп алды. 2003 жылы бүл конкурстың бас жүлдесін 4-курс студенті Е.Чумаченко алса, 2004 жылы 5-курс студенті А.Мауданов иеленді.

- Бұл қуанарлық жайт екен. Енді филология факультетінің болашаққа жоспарланған жумыс бағыт-тары қандай?

- Қазіргі кезең тек филология факультеті үшін ғана емес, бүтіндей Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты үшін аса үлкен сындарлы да жауапты кезең. Институт ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қуат Баймырзаевтың жетекшілігімен институттың профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі педагог-мамандар даяр-лау сапасын арттыру, сондайақ оқу жүйесіне инноваци-ялық дамудың жаңа бағыттарын, оқытудың озық жүйелері мен технологияларын, оның ішінде кредиттік және қашықтан оқытуды әзірлеп, жүзеге асыру үшін түрлі әдістемелер мен тәжірибелерді меңгеружолдары қара-стырылуда. Мүның түпкі мақсаты, қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, нарық пен технологиялардың өзгер-мелі талаптарына бейімделуге қабілетті, сапалы педагог - мамандар даярлап шығару.

Ғылымның жолы- ҚИЯ ЖОЛ

Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" және "Жоғары білім беру туралы" заңдарынісжүзіне асыру мақсатында студенттердің білімін заман талабына сай жаңа сапаға, жоғары деңгейге көтеру мақсатында студенттерге әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін шығармашылық жүмыс жүргізу, материалды толық меңгерту, шәкірттердің өздері қалап алған мамандық-тарына деген сүйіспеншілігін арттыру, ынта ықыласын ояту оқытушыға байланысты екені аян. Сондықтан кафедраның ғылыми-ізденушілік жұмысы оқытушылардың, студенттердің кәсіби білімін арттыру, ғылыми - ізденіске тарту мақсаты болғандықтан мынадай "Линг-вистикалық білімдерді жүйелі түрде теориялық және лингводидактикалық жақтан жетілдіру", "Тарихи әдеби ағым, әдебиеттегі дәстүр үласуы" ке-шенді тақырыптарды қамтиды. Кафедраның негізі 1989 жылы қаланды. Онда төрт ғылым кандидаты: Қ. Бижан, Қ. Нұрмұхаметова, К. Мырзағали-ева, А.Айсенов, сегіз аға оқытушы, он оқытушы қызмет істейді.

Қазақтілі менәдебиеті мамандығы бойынша терт аспирант оқып жатыр. Кафедра негізінен "Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі", "Филолог-оқытушы" мамандарын даярлайды. Сондай-ақ оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, үйымдастыру-тәрбие жұмыстарымен айналысып, оқыту мен тәрбиелеу, ізденушілік-шығармашылық жұмыстарын да жүргізеді. Кафедра үжымы елі-міздің басқа да жоғары оқу орындарымен, атап айтсақ, Әл-Фара-би атындағы ҚазМҰУ, Гумилев атындағы Еуразия университетімен, Абай атындағы Алматы ұлттық педагогикалык университетімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Кафедра оқытушы-лары жоғары оқу орындарында кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру мақ-сатында ізденуші болып, ғылыми жүмыстармен айналысады. Сол жоға-ры оқу орындарының ғалым докторлары жетекшілік жасайды. Мәселен, кафедра оқытушылары К.Есіргепова мен С.Қанапина ізденушілікпен ай-налысып, кандидаттық диссёртация-сын қорғауға жақын. Сол сияқты оқытушылар А.Өтеулі мен Т.Сейсенбайдың жетекшілігімен ғылыми-танымдық "Тіл тағылымы", "Ізденіс" үйірмелері жұмыс жасайды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық үжымы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімдерін даярлап шығаратындықтан қала мектептерімен тығыз байланысжасап отырады. Жыл сайын студенттердің педагогикалық практикасымен қоса, оқытушылар Қостанай қаласындағы мектеп мұғалімдерімен, лицей оқытушыла-рымен "Ойтолғау" дөңгелек үстел, ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырады.

Ғылыми-ізденушіл-ікке бағыт-бағдар беріп, облыстық, қалалық пән олимпиадаларына дайындау үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернатының оқушыларына К. Мырзағалиева, Қ. Нұрмухаметова ғылыми-жетекшілік жасайды, дәріс береді.

Кафедрада қызмет жасайтын оқытушылардың дені Қазақстанның әр қалаларындағы іргелі жоғары оқу орнын бітірген білікті мамандар. "Ұстазы жақсының үстамы жақсы" дегендей, сол оқытушылардан тәлім-тәрбие, сапалы білім алған шәкірттер қазіргі танда облыс, қала көлемінде тіліміз бен ділімізді, тарихымыз бен салт-дәстүрімізді дамытуда, танытуда, насихаттауда талай игі істердің басында болыл, жемісті еңбек етуде. Үздік бітірген түлектер жоғары оқу орындарында оқытушы, облыстық телерадиокомпаниясында журналист, басқа да салаларда қызмет жасайды.
Кафедра үжымы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде талай жақсы істерді үлкен үмтылыспен жүзеге асырады деген сеніміміз мол.

Қ. НҰРМҰХАМЕТОВА,
филология ғылымдарының
кандидаты, қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Кітапхана БАҚ біз жайлы Нағыз муғалім мектепке жан бітіреді